Александр Бублик жұптық бәсекені жеңіспен бастады

Александр Бублик жұптық бәсекені жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Штутгартта өтіп жатқан ATP турнирінде жұптық бәсекені жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол австралиялық Ник Кирьоспен бірге швейцариялық Якуб Поль мен америкалық Райан Сеггерманнан құралған дуэтті 6:3, 2:6, 10:6 есебімен жеңді. Кездесу небәрі 38 минутқа созылды.

Жарыс барысында Бублик пен Кирьос 4 эйс орындап, 2 қос қателік жіберген. Ал қарсыластары 11 эйс жасағанымен, брейк мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Айта кетелік, келесі кезеңде қазақстандық-австралиялық жұп ширек финалға шығу үшін таласады.

Александр Бублик Штутгарт ATP 250 турнирінде бақ сынайды

Рыбакинаның Лондондағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды

Жұптық сында Қазақстанның үздігі Лондон турниріндегі жолын бастайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или