Қазақстанның бірінші ракеткасы Штутгарт турнирінде бақ сынайды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 8-14 маусым аралығында өтетін Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Штутгартқа келіп, дайындықты бастаған А.Бублик үшін бұл көгал маусымындағы алғашқы жарыс болмақ. Доданың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымнан бастайды.
Ол әлемнің 80-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфф немесе рейтингіде 193-орындағы іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, канадалық Алексис Галарноның қай жеңгенімен ойнайды.
Жексенбі күні мәресіне жеткен Ролан Гаррос турнирі А.Бублик үшін сәтсіз болды. Ол алғашқы айналымда-ақ дәл осы Штруфтан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Соның салдарынан дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші 10-нан 11-сатыға ығысады. Оның орнына биылғы Ролан Гаррос турнирінің финалисі, италиялық Флавио Коболли көтеріледі.
Анна Данилинаның «Ролан Гаррос» турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды
Елена Рыбакинаның Лондондағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды