Головкин бұрынғы бапкерімен кездесті
Әлемге танымал The Ring журналы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес және промоутері Том Леффлермен кездесуі туралы жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Мысырдағы бокс кешінде өткен. The Ring басылымы әлеуметтік желіде Головкиннің бұрынғы командасымен қайта қауышқанын ерекше атап өтті.
Абель Санчестің жетекшілігімен қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі ең ірі жетістіктеріне жетіп, әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналды. Екеуінің серіктестігі 2019 жылы тоқтаған болатын.
Айта кетелік, жанкүйерлер бұл кездесуді жылы қабылдады. Көпшілік Головкиннің мансабындағы ең жарқын кезең дәл осы командамен байланысты екенін айтып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или