Усик пен Верховеннің табысы белгілі болды

Усик пен Верховеннің табысы белгілі болды

Украиналық боксшы Александр Усик пен нидерландтық кикбоксшы Рико Верховеннің Мысырдың Гиза қаласында өткен ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жегінің төлемдері жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектің 11-ші раундында Усик нокаутпен жеңіске жетті.

TotalProSports мәліметтері бойынша, ақылы көру (PPV) сатылымы мен демеушілік бонустарын ескере отырып, Александр Усиктің жекпе-жектен алған жалпы табысы шамамен 100 миллион долларға (47 миллиард теңге) жетуі мүмкін, ал Рико Верховен 15 миллион доллардан (7 миллиард теңге) астам табыс табады.

Сонымен қатар, басқа дереккөздерге сәйкес, боксшылардың теледидардан түсетін табысын есептемегенде кепілдендірілген жалақысы украиналық үшін 40 миллион долларды (18,8 миллиард теңге) және нидерландтық үшін 10 миллион долларды (4,7 миллиард теңге) құрады.


Бокс: Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир басталды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или