Джорджина Ускатегиге жалған ақпарат әсерінен қауіп төнген
UFC чемпионы Илия Топурияның бұрынғы жұбайы Джорджина Ускатеги әлеуметтік желідегі жалған ақпараттан кейін өзіне қауіп төнгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, белгісіз адамдар нейрожелі арқылы жасалған суреттерді таратып, өзі туралы жалған пікір қалыптастыруға тырысқан. Джорджина тіпті ағасының фотосы да пайдаланылғанын айтты.
Бұл жағдайдан кейін ол әлеуметтік желіде қысым мен жеккөрушілікке тап болған. Сондай-ақ өзіне және қызына өлім қаупі туралы хабарламалар келгенін жеткізді.
Айта кетелік, 2025 жылы Джорджина Илия Топурияны отбасылық зорлық-зомбылық жасады деп айыптап, ажырасуға өтініш берген болатын
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или