Гейджи Топурияның алаяқтық туралы айыптауына жауап берді
UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Джастин Гейджи Илия Топуриямен өткен жекпе-жегі алдында ереже бұзылған болуы мүмкін деген сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Топурия әлеуметтік желідегі парақшасында Гейджидің жекпе-жек алдында қолғаптарының ішінде бөгде зат болуы мүмкін екенін болжап, жазба жариялаған еді. Жекпе-жек маусым айында UFC Freedom 250 турнирінде өтті.
Гейджи бұл айыптауға жауап беріп, мұндай әрекетке қатысты өзіне тағылған күдіктің негізсіз екенін айтты. Америкалық спортшы сонымен қатар Топуриямен октагонда қайта кездесуге дайын екенін жеткізді.
«Адамдар бұған сенбейді. Олар бұған сенбейді, өйткені мен жекпе-жек өткізген адамдардың бәрін жеңдім.
Реванш өткізуге дайынмын ба? Уақыт көрсетеді. Мен оны жаңа ғана ойсырата жеңдім. Әрине, дайынмын», – деді Гейджи әуежайда оны кездестірген жанкүйермен әңгімесінде.