Қырғызстандық UFC файтері ұйымға келгенге дейін дәнекерлеуші болып жұмыс істеген

Қырғызстандық UFC файтері ұйымға келгенге дейін дәнекерлеуші болып жұмыс істеген

Қырғызстандық UFC-ге жаңадан қосылған файтері Ақбар Абдуллаев спорттағы жетістіктерге жеткенге дейін күнкөріс үшін қандай жұмыстар атқарғанын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, Абдуллаев «Претенденттер сериясында» Эднилсон Сантушты небәрі 19 секундта нокаутқа түсіріп, UFC-мен келісімшартқа ие болған.

— Жаттығуды зауытта дәнекерлеуші болып жұмыс істеумен қатар алып жүргеніңді естідім?

— Менің білімім де, мамандығым да болған жоқ. «Рено» зауытына жұмысқа орналастым. Қандай да бір жұмыс тапқаныма қуандым. Бөтен елде жаттығумен қатар алып жүруге ыңғайлы жұмыс табу қиын болды. Қарапайым жұмыс табу қиын емес, бірақ жаттығу кестесіне сәйкес келетін жұмыс табу өте қиын.

Бір уақытқа дейін екеуін қатар алып жүрдім. Бірақ күніне екі рет жаттыға бастаған кезде қиын болды, күш-қуатым таусылатын.

— Сен сонымен қатар жеткізу қызметінде де жұмыс істеген сияқтысың?

— Қатар емес, бұл кейінгі екінші жұмысым болды. «Ашан», «Пятерочка», «Перекресток» дүкендеріне торт жеткізетінмін. «От Палыча» торттары еді, өте дәмді, — деді Абдуллаев Sport24-ке берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или