Қырғызстандық файтердің нокауты Дана Уайтты таңғалдырды

Қырғызстандық файтердің нокауты Дана Уайтты таңғалдырды

UFC басшысы Дана Уайт қырғызстандық файтер Ақбар Абдуллаевтың Dana White’s Contender Series турниріндегі өнеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қырғызстандық спортшы бразилиялық Эднилсон Сантоспен жекпе-жекте сенімді жеңіске жетіп, ұйым басшысының назарын өзіне аударды.

«Бұл соққы бейсбол таяғымен ұрғандай естілді. Тәуекелге барып, сені осы шоуда соңғы 10 жылда өнер көрсеткен ең үздік талант деп атаймын. Меніңше, сен үлкен жұлдызға айналып, осы спорттағы аса қауіпті файтер боласың. Келесі жекпе-жегіңді асыға күтемін. UFC-ге қош келдің!» – деді Уайт баспасөз конференциясында.

28 жастағы Абдуллаев үшін бұл жекпе-жек 2020 жылы басталған кәсіби мансабындағы кезекті кезең болды. Осы уақыт ішінде қырғызстандық файтер 14 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или