Майкл Пейдж UFC-ден кетуі туралы пікір білдірді
ММА файтері Майкл Пейдж UFC-мен келісімшартын ұзартпау туралы шешімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Пейдж промоушен аясында өткізген алты жекпе-жегінің бесеуінде жеңіске жеткеніне қарамастан, UFC-ден кеткен болатын.
«Менің жекпе-жек стилім бәріне бірдей ұнай бермейді дейді. Жақсы, бірақ соңғы жылдары ММА-да дағыстандық файтерлердің дәуірі жүріп жатыр. Олардың да жекпе-жек мәнері қызықсыз деп санайтындар бар. Бірақ оларға өнер көрсетуге мүмкіндік беріп, олар жетістікке жетіп жүр. Олар керемет спортшылар, алайда олардың стилі де бәріне ұнай бермейді. Ендеше, неге оларға адамдарға ұнай ма, жоқ па, соған қарамастан өнер көрсетуге мүмкіндік береді?
Егер файтер жеңіске жетіп жүрсе, ол ұйым құрамында қалуы керек. Бірақ UFC-де қайта-қайта жеңіліп жүрген файтерлер де бар, соған қарамастан олардан құтылу ешкімнің ойына келмейді», – деді Пейдж Ариэль Хельваниге берген сұхбатында.