Мераб Двалишвили Умар Нурмагомедовтің жеңілісіне алғаш рет пікір білдірді

Мераб Двалишвили Умар Нурмагомедовтің жеңілісіне алғаш рет пікір білдірді

UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Шанхайда өткен UFC Fight Night 286 турнирінде өзінің бұрынғы қарсыласы Умар Нурмагомедовтің қытайлық файтер Сонг Ядонгтан жеңілгеніне қатысты эмоциясын бөлісті, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Грузиялық спортшы жекпе-жек нәтижесі оның бойында түрлі сезім тудырғанын мойындады. Двалишвили ауыр нокаутқа түскен Нурмагомедовке жанашырлық танытқанымен, жаңа үміткерге құрметпен қарайтынын айтты. Мерабтың пікірінше, Ядонгтың жеңісі 61 келіге дейінгі салмақтағы титулдық жарысты жандандырып, өзі бұрын октагонда кездесіп көрмеген қытайлық файтерді жаңа ықтимал қарсылас ретінде алға шығарды.

«Сонг Ядонгтың өнері шынымен де әсерлі болды. Мен оның қаншалықты қауіпті файтер екенін әрдайым білетінмін. Умардың жеңілгенін көргенде қуанған жоқпын. Ешкімнің жеңіліп, осындай нокаутқа түскенін қаламаймын. Мұны көру маған ауыр тиді. Бірақ сонымен бірге Сонг үшін қуаныштымын. Енді ол титулға толыққанды үміткер. Бұл жаңа есім, әрі мен онымен әлі октагонда кездескен жоқпын», — деп келтіреді Двалишвилидің сөзін UFC on Paramount+ баспасөз қызметі.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или