Махачев Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді

Махачев Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді

UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77 кг-ға дейін) қазіргі чемпионы Ислам Махачев алдағы қарсыластары болуы мүмкін үш файтердің деңгейін бағалады. Ресейлік спортшы қазақстандық Шавкат Рахмоновты, бразилиялық Карлос Пратесті және жеңіліп көрмеген эквадорлық Майкл Моралесті салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Махачев бұл үштіктің арасынан бір файтерді бөліп-жармай, жалпы деңгейлері шамалас екенін айтты. Сонымен қатар чемпион олардың әрқайсысының мықты тұстарына жеке тоқталды.

Ресейлік файтердің сөзінше, Пратестің басты қаруы – соққысының қуаты. Ал Моралес бірнеше қырынан қауіпті және физикалық мүмкіндіктері жоғары. Рахмонов та жан-жақтылығы мен жалпы шеберлігі үшін жоғары бағаланды.

«Шынымды айтсам, үшеуін де шамамен бір деңгейде бағалаймын. Пратестің соққысы өте қауіпті. Моралес өзі ірі, әрі күресте де, тұрыста да қауіп төндіре алады. Ал Шавкаттың шеберлік деңгейі өте жоғары, ол аса мықты қарсылас», – деді Махачев «Ушатыйка» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Қазіргі таңда Махачев UFC-де қатарынан 17 жеңіске жеткен. Жалпы кәсіби мансабында ресейлік файтер 30 жекпе-жек өткізіп, 29 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или