UFC чемпионы Стрикленд АҚШ-та революция жасауға шақырды
UFC-дің орта салмақтағы чемпионы Шон Стрикленд АҚШ-та саяси революция қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы ел басшылығына ұялатын жағдайға жеткенін айтты. Оның пікірінше, АҚШ-тың негізін қалаушылар қазіргі Американың қандай күйге түскенін көрсе, қатты таңғалар еді.
Стрикленд қалыптасқан жағдайдан шығудың жалғыз жолы — қатаң шараларды талап ететін революция деп санайды.
Айта кетейік, 2026 жылдың маусымында күзет қызметкерлері Стриклендті Ақ үйде өткен UFC турниріне кіргізбей, кейін оны ұстаған еді. Жекпе-жек шеберінің айтуынша, бұл оқиға оның қазіргі президент Дональд Трампты ашық сынауымен тікелей байланысты болған.
Стриклендтің аралас жекпе-жектегі рекорды – 31 жеңіс пен жеті жеңіліс. Ол соңғы жекпе-жегінде сол уақытқа дейін жеңіліп көрмеген Хамзат Чимаевты жеңді.