Фергюсон чемпиондық белбеуін қорғау үшін шаршы алаңға қайта оралады
UFC-дің бұрынғы жұлдызды файтері Тони Фергюсон Misfits Boxing нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуін қорғау үшін рингке қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz
Атақты америкалық файтер 26 қыркүйекте Майамиде өтетін ауқымды бокс кеші аясында Кензо Бийонгпен жекпе-жек өткізеді.
Еске салайық, Фергюсон промоушеннің MFB нұсқасы бойынша чемпиондық атағын 2025 жылдың желтоқсанында жеңіп алған. Ол өзіне жаңа форматта өткен дебюттік жекпе-жегінде Уоррен Спенсерді сенімді түрде жеңген еді.
Ал оның жаңа қарсыласы Кензо Бийонг бұған дейін кәсіби футбол ойнаған. Кейін жекпе-жек спортына ауысқан. Америкалық спортшы соңғы медиа-жекпе-жегін 2026 жылдың сәуірінде UFC BJJ турнирінде өткізіп, грэпплинг кездесуінің алғашқы раундында Рафаэль Феррейрадан жеңілген.