Алекс Перейра Павловичпен жекпе-жек алдында салмағын айтты

Алекс Перейра Павловичпен жекпе-жек алдында салмағын айтты

UFC-дің бұрынғы чемпионы Алекс Перейра Сергей Павловичке қарсы жекпе-жек алдындағы жағдайы мен дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Павлович пен Перейра желтоқсан айында өтетін UFC 335 турнирінде кездеседі.

«Менің салмағым жеңілірек болады. Шамамен 110 келі тартамын деп ойлаймын. Ауыр салмақтағы дебютімнен кейін тым көп салмақ қоспауым керек екенін түсіндім. Қазір салмағым шамамен 113 келі.

Нью-Йоркте жұдырықтасу ма? Ганмен Хокиттің кездесетініне аздап көңілім толмай қалды. UFC өзі дұрыс деп тапқан шешімді қабылдайды. Меніңше, Хокитпен жекпе-жек өткізу маған әлдеқайда оңай болар еді. Бірақ оның орнына Павловичпен кездесемін. Онымен жұдырықтасу маған бірнеше есе қиынға соғады», – деді Перейра Ариэль Хельваниға берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама