Моралес Шавкат Рахмонов туралы мәлімдеме жасады
Жеңіліп көрмеген Майкл Моралес UFC-дің жартылай орта салмағында мансабын жалғастырудың бірнеше нұсқасын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кәсіби мансабында өткізген 19 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен эквадорлық Шавкат Рахмоновпен кездескісі келеді. Қазақстандық спортшы да мансабында жеңіліс көрмеген.
Моралес Рахмоновпен жекпе-жек келесі титулға үміткерді анықтауға мүмкіндік береді деп санайды. Алайда эквадорлық қазіргі чемпион Ислам Махачевтің пікірімен келіспейді. Бұған дейін Махачев Моралеске Карлос Пратеспен кездесуді ұсынған болатын.
Эквадорлық спортшы Махачевке оның өзіне қауіпті қарсылас ретінде баға берген сөздерін еске салып, ұсынылған жекпе-жекті қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен Моралес шарт қойды: егер UFC мен чемпионның командасы осы жекпе-жек арқылы келесі үміткерді анықтағысы келсе, тараптар сөзден іске көшуі керек.
Сонымен қатар Моралес Махачев Пратесті өзіне ыңғайлырақ қарсылас ретінде таңдауы мүмкін екенін жоққа шығармады. Мұндай жағдайда эквадорлық басқа жолды таңдап, Рахмоновпен кездесуге ниетті. Ол қазақстандық файтерді «дивизионның соңғы боссі» деп атады.
Моралес өз мәлімдемесінің соңында жартылай орта салмақтағы тағы бір файтер Иэн Гэрриге қатысты да өткір пікір білдірді.