«Мен сияқты ірі адаммен ешкімнің ерегескісі келмейді»: Дияр Нұрғожай хейтерлер туралы айтты

«Мен сияқты ірі адаммен ешкімнің ерегескісі келмейді»: Дияр Нұрғожай хейтерлер туралы айтты

UFC ұйымының жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық файтері Дияр Нұрғожай әлеуметтік желіде жағымсыз пікір жазатын адамдардың ешқайсысы өзіне бетпе-бет келіп ештеңе айтпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әлі күнге дейін бірде-бір адам жаныма келіп, бетіме ештеңе айтқан емес. Көшеде тоқтатып: «Дияр, ана пікірді мен жаздым, сені шынымен әлсіз файтер деп санаймын», – деген ешкім болған жоқ. Ешкім маған жеке жазып, байланысқа шыққан емес. Сондықтан ондай пікірлерге жай ғана комментарий ретінде қараймын. Оқимын да, өткізіп жіберемін. Астанада мені кәсіби файтер ретінде көп адам таниды. Оның үстіне денем ірі, менімен ерегескісі келетіндер аз», – деді Нұрғожай «эмэмашное чтиво» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай келесі жекпе-жегін 21 қарашада Катарда өтетін UFC турнирінде америкалық Алик Лоренцке қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама