Қазақстанда UFC турнирі қашан өтетіні белгілі болды ма?
Қазақстанда 2027–2028 жылдары UFC турнирін өткізу мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте UFC өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.
Министрдің сөзінше, жыл басынан бері ұйым өкілдерімен бірнеше жұмыс кездесуі өткен. Қазіргі уақытта келіссөздер белсенді жүріп жатыр және турнирді ұйымдастыруға қатысты барлық қажетті жұмыс атқарылған.
Айта кетейік, бұған дейін UFC президенті Дана Уайт Қазақстанда жақын арада турнир өткізу жоспары бар екенін растаған.
Әзірге турнирдің нақты өтетін күні мен орны жарияланған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или