Усман Нурмагомедовтың менеджері Двалишвилимен болған төбелеске қатысты пікір білдірді

Усман Нурмагомедовтың менеджері Двалишвилимен болған төбелеске қатысты пікір білдірді

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Усман Нурмагомедовтың менеджері Әли Абдель-Азиз Абу-Дабиде UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвилимен болған жанжалдан кейін спортшының болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Менеджердің айтуынша, бұл оқиға Нурмагомедовтың мансабына әсер етуі мүмкін. Алайда қазір оны спортшының денсаулығы көбірек алаңдатып отыр.

«Усман Нурмагомедовтың болашағына келсек, ол әлемдегі ең үздік файтерлердің бірі. Әрине, бұл оқиға оның өзіне де, жаттығу залында бірге жұмыс істейтін Хабибке де, айналасындағы адамдарға да әсер етеді. Бірақ дәл қазір мен оның спорттық мансабына алаңдап отырған жоқпын. Мені Усманның денсаулығы мен осы жағдайдан кейін қалай қалпына келетіні көбірек мазалайды», – деді Абдель-Азиз MMA Junkie басылымына.

Оқиға 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған. Ақпаратқа сәйкес, PFL ұйымының жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) қазіргі чемпионы Усман Нурмагомедов пен оның командасы грузиялық Мераб Двалишвилимен жанжалдасып қалған. Кейін сөзге келу жаппай төбелеске ұласқан.

Айта кетейік, Усман Нурмагомедов кәсіпқой ММА мансабында әлі жеңіліп көрмеген. Ол қазіргі уақытта PFL ұйымының жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуіне ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама