Конор Макгрегор Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Конор Макгрегор Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор Усман Нурмагомедов пен оның командасының Мераб Двалишвилиге шабуыл жасауына қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC ұйымының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы 2018 жылы Хабиб Нурмагомедов отырған автобусқа шабуыл жасаған сәтінің видеосын қайта жариялады.

Еске салайық, бұл оқиға UFC 223 турнирінің қарсаңында болған еді. Сол кезде Макгрегор қасындағы адамдарымен бірге Хабиб Нурмагомедов пен басқа да спортшылар отырған автобусқа шабуыл жасаған болатын.

Усман Нурмагомедовтің қатысуымен болған соңғы жанжалдан кейін ирландиялық спортшы Хабибтің командасымен арадағы бұрынғы текетіресін қайта еске салды. Сондай-ақ ол UFC ұйымының жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Илия Топурияға үндеу жасады.

«Илия Топурия, менің жауынгерім, сені маңызды тапсырма күтіп тұр. Қазір #КонорДұрысАйтқан және #КонорБасынанБеріДұрысАйтқан деген хэштегтердің трендке шыққаны қатты ұнап жатыр! Рақмет, жігіттер! Мен де бәріңізді жақсы көремін! Мұның бәрі сүйіспеншілік, бірақ басты мақсатты ұмытпаңдар!» – деп жазды Макгрегор әлеуметтік желіде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама