Ислам Махачев Усман Нурмагомедовті қорғап, Мераб Двалишвилиді айыптады

Ислам Махачев Усман Нурмагомедовті қорғап, Мераб Двалишвилиді айыптады

UFC чемпионы Ислам Махачев ресейлік Усман Нурмагомедов пен оның командасының грузиялық Мераб Двалишвилиге шабуыл жасауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Махачев әлеуметтік желідегі жазбасында Нурмагомедов пен оның серіктерін сынап жатқандарға жауап беріп, жанжалдың басталуына Двалишвилидің өзі кінәлі екенін айтты.

«Қазір Усман мен жігіттерді айыптап, олардың атына тіл тигізіп жатқандарға айтарым бар.

Мераб еш себепсіз дағыстандық балуанды ұрып, оның намысына тигенде неге үндемедіңіздер? Ол адам Мерабқа ешқандай жаман ойсыз, жай ғана сөйлесу үшін жақындаған еді.

Бүгін болған оқиғаның басталуына Мерабтың өзі себепкер. Ол өз елінде қонаққа қол көтеріп, оның анасына тіл тигізуге дейін барды», – деп жазды Махачев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама