Артем Резников пен Заур Гаджиевтің қарымта жекпе-жегі ресми түрде бекітілді

Артем Резников пен Заур Гаджиевтің қарымта жекпе-жегі ресми түрде бекітілді

Қазақстандық ММА файтері Артем Резников пен әзербайжандық Заур Гаджиев екінші рет октагонда кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

ACA промоушені екі спортшы арасындағы қарымта жекпе-жектің ресми түрде бекітілгенін жариялады. Кездесу 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін ACA 211 турнирінде ұйымдастырылады.

Айта кетейік, алғашқы кездесуден кейін Резников пен Гаджиевтің арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түскен. Екі файтер әлеуметтік желілерде бір-біріне өткір мәлімдемелер жасап, бірнеше рет сөзге келген.

Тіпті олардың жанжалына ACA президенті Магомед Бибулатов араласуға мәжбүр болды. Ол спортшыларға тәртіп бұзған жағдайда қатаң жаза қолданылатынын ескерткен.

Еске салайық, Резников пен Гаджиев алғаш рет 2026 жылдың шілдесінде Алматыда өткен ACA 205 турнирінде кездескен. Үш раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен тең аяқталған еді.

Бұл нәтиже екі тараптың да көңілінен шықпай, қарымта кездесу өткізу мәселесі көтерілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама