Дана Уайт Илия Топурияның UFC-ге оралу мерзімін айтты
UFC президенті Дана Уайт бұған дейін ұйымның екі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеулерді иеленген грузиялық файтер Илия Топурияның октагонға оралу мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол 2027 жылдың басында оралады. Біз де осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Уайт The Jim Rome Show бағдарламасына берген сұхбатында.
29 жастағы Топурия UFC ұйымында 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 2024 жылы жартылай жеңіл салмақта (65 келіге дейін) чемпиондық белбеуді жеңіп алып, кейін оны қорғады. Ал 2025 жылы жеңіл салмаққа (70 келіге дейін) көтеріліп, осы дивизионның чемпионы атанды.
Грузиялық спортшының UFC-дегі еншісінде тоғыз жеңіс пен бір жеңіліс бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или