Эдуард Базров UFC-ге өтетін келесі қазақстандық файтердің есімін атады
Dar Team залының бас бапкері әрі танымал маман Эдуард Базров әлемдегі ең мықты ММА лигасына өтетін келесі қазақстандық спортшы туралы батыл болжам жасады, деп жазады Prosports.kz.
Маманның пікірінше, UFC ұйымына жолдама алатын келесі қазақстандық файтер – болашағынан үлкен үміт күттіретін жеңіл салмақтағы Мейірбек Есқазиев. Dar Team Kazakhstan арнасына берген сұхбатында Базров жанкүйерлерді бұл есімді есте сақтауға шақырып, спортшының америкалық промоушенге ауысатынына сенімді екенін жеткізді.
Қазіргі таңда 26 жастағы Мейірбек Есқазиевтің кәсіби рекорды – алты жеңіс және бір жеңіліс. Отандасымыз соңғы жекпе-жегін ресейлік тәжірибелі файтер Наби Ашурлаевқа қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или