Волкановски нокаутқа түссе, мансабын аяқтауы мүмкін

Волкановски нокаутқа түссе, мансабын аяқтауы мүмкін

UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Александр Волкановски аралас жекпе-жектегі мансабын қандай жағдайда аяқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Австралиялық файтер жекпе-жектер арқылы табыс табуды жалғастырғысы келетінін, алайда денсаулығы мен отбасының болашағы туралы жиі ойлана бастағанын жеткізді.

38 жастағы спортшының айтуынша, UFC-дегі өнері оған басқа жолмен табу қиын болатын қомақты гонорар алуға мүмкіндік береді. Дегенмен ол кәсіби мансаптың ауыр физикалық жүктемелермен және жарақат алу қаупімен байланысты екенін жақсы түсінеді.

«Әр жекпе-жектің алдында өзіме: “Бізге мұның не қажеті бар?” деп сұрақ қоямын. Жауабы анық, ол гонорар. Мен енді ешқашан мұндай ақша таппаймын. Өзім жақсы меңгерген іспен айналысуға мұндай мүмкіндік болмайды. Бұл оңай емес, бірақ ең қомақты табысқа жетудің ең түсінікті жолы осы.

Сонымен қатар денсаулығымды сақтағым келеді. Балаларымның жанында болғым келеді. Қартайған кезде өзімді нашар сезінетінімді білемін. Бұған қалыпты қараймын. Денедегі жарақаттар бір бөлек, ал бас жарақатымен ойнауға болмайды. Сондықтан тағы бір рет нокаутқа түссем немесе миым шайқалса, мансабымды аяқтаймын. Менің ұстанымым осы», — деді Волкановски The Ariel Helwani Show подкастында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама