Нұрхан Жұмағазының келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды
Қазақстандық перспективалы ММА файтері Нұрхан Жұмағазы (11-1) жапониялық Rizin FF ұйымы аясындағы үшінші жекпе-жегінің күнін белгіледі, деп жазады Prosports.kz.
Отандасымыздың кезекті кездесуі 8 қарашада Жапонияның Фунабаси қаласында өтетін Rizin 55 турнирі аясында ұйымдастырылады.
Жұмағазы жеңіл салмақта 34 жастағы оңтүстіккореялық тәжірибелі файтер Кёнг Пхё Киммен (15-5) кездеседі. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған.
Қазақстандық спортшы Rizin промоушеніндегі соңғы кездесуін 12 сәуірде Rizin FF — Landmark Vol. 13 турнирінде өткізді. Сол жолы ол төрешілер шешімімен жергілікті файтер Тенья Ёсимураны (5-4) жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или