Ислам Махачев UFC-дегі болашақ қарсыластары туралы пікір білдірді

Ислам Махачев UFC-дегі болашақ қарсыластары туралы пікір білдірді

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев бразилиялық Карлос Пратес пен жеңіліп көрмеген эквадорлық Майкл Моралес арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

35 жастағы ресейлік файтер екі спортшының да мықты қарсылас екенін атап өтті.

Пратес пен Моралес арасындағы кездесу 30 қаңтарда Канаданың Торонто қаласында өтетін UFC 336 турниріне жоспарланған. Жекпе-жекте 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің уақытша чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

«Майкл Моралес пен Карлос Пратес арасындағы жекпе-жек қызықты болады. Екеуі де чемпиондыққа лайықты үміткерлер. Сондықтан қайсысының мықтырақ екенін көргім келеді. Қаңтарда бәрі белгілі болады. Екеуінің де соққы жасау техникасы жақсы дамыған. Бірақ олар маған қауіп төндірмейді деп айта алмаймын», – деді Махачев журналистермен кездесу барысында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама