Дастин Порье UFC-дегі чемпиондық жекпе-жекте кімнің басымдыққа ие болатынын айтты

Дастин Порье UFC-дегі чемпиондық жекпе-жекте кімнің басымдыққа ие болатынын айтты

UFC-дің бұрынғы жұлдызы Дастин Порье Сириль Ган мен Джош Хокит арасындағы чемпиондық жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық файтердің пікірінше, отандасы Джош Хокит жеңіске жету үшін күреске басымдық беруі керек. Себебі франциялық Сириль Ган тік тұрып айқасуда өте қауіпті қарсылас.

Порье Ганның октагонда жылдам қозғалатынын, арақашықтықты жақсы сақтайтынын және әсіресе жекпе-жектің алғашқы раундтарында қауіпті екенін атап өтті. Сондықтан Хокит қарсыласын мүмкіндігінше ертерек партерге түсіріп, күшін сарқуға тырысуы қажет.

«Менің ойымша, Хокит күресуге мәжбүр болады. Ол Ганның қарқынын бәсеңдетіп, жекпе-жекті соңғы раундтарға жеткізуі керек. Күресу, күресу және тағы да күресу қажет. Өйткені тың Сириль Ганмен тік тұрып айқасу қиын. Ол жақсы қозғалады және арақашықтықты бақылайды. Хокиттің бойы аласа болғандықтан, қарсыласының аяғына өтіп, құлатуы жеңілірек болуы мүмкін. Әрине, көзіне саусақ тимесе», – деді Порье Paramount+ арнасындағы Deep Waters бағдарламасында.

Айта кетейік, Сириль Ган мен Джош Хокит арасындағы ауыр салмақтағы (120 келіге дейін) чемпиондық жекпе-жек 15 қарашада Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін UFC 334 турниріне жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама