UFC файтері ресейлік Волковпен жекпе-жек өткізгісі келмейтінін айтты

UFC файтері ресейлік Волковпен жекпе-жек өткізгісі келмейтінін айтты

Америкалық ауыр салмақтағы файтер Джош Хокит UFC чемпиондық белбеуін алғаш қорғау кезінде ресейлік Александр Волковпен кездесуді жоспарламайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хокит мұндай шешімін Волковтың соңғы жекпе-жектердегі нәтижелерімен түсіндірді. Оның пікірінше, ресейлік спортшының көрсеткіштері чемпиондық атаққа таласуға жеткіліксіз.

«Ол ақылды жігіт, оған еш қарсылығым жоқ. Бірақ соңғы бес жекпе-жегі төрешілер шешімімен аяқталды. UFC-де 20 кездесу өткізіп, небәрі үш бонус алған. Ал мен төрт жекпе-жек өткізіп, төртеуінде де бонус иелендім. Жоғарыда айтқанымдай, менің ойымда басқа қарсылас бар», – деді Хокит баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, 15 қарашада Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін UFC 334 турнирінде Джош Хокит франциялық Сириль Ганмен кездеседі. Жекпе-жекте ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама