Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы жаппай төбелестің видеосы жарияланды

Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы жаппай төбелестің видеосы жарияланды

Red Corner MMA порталы ресейлік Усман Нурмагомедов пен UFC ұйымының бұрынғы чемпионы, грузиялық Мераб Двалишвили арасындағы жаппай төбелестің қалай басталғанын көрсететін видеоны жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Двалишвили Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде Нурмагомедов пен оның достары өзіне және балуан Саба Лазишвилиге артынан шабуыл жасағанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ грузиялық спортшы әлеуметтік желіде беті көгеріп, қанға боялған суреттерін жариялады.

Желіде тараған видеодан қара кепка киген Усман Нурмагомедовтің бірнеше адаммен бірге Двалишвилиге арт жағынан жақындағанын көруге болады. Грузиялық спортшы бұрылған сәтте ресейлік файтер оның бетінен шапалақпен ұрған. Артынша Нурмагомедовтің жанындағы адамдардың бірі Двалишвилиге аяқпен соққы жасап, соңы жаппай төбелеске ұласқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама