Усман Нурмагомедов Мераб Двалишвилимен болған төбелестен кейін әлеуметтік желіде мазаққа қалды

Усман Нурмагомедов Мераб Двалишвилимен болған төбелестен кейін әлеуметтік желіде мазаққа қалды

Ресейлік файтер Усман Нурмагомедов Мераб Двалишвили және оның 21 жастағы досымен болған төбелестен кейін әлеуметтік желі қолданушыларының әзіліне айналды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Telegram және басқа да әлеуметтік желілерде жанкүйерлер қызық жағдайға назар аударды. Bellator мен PFL ұйымдарында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген ресейлік спортшы жас грузиялық балуанмен болған жанжалдан кейін қызу талқыға түсті.

Әңгіме Двалишвилидің досы Саба Лазишвили туралы болып отыр. UFC ұйымының бұрынғы чемпионының айтуынша, оның 21 жастағы досы алдымен Усман және Умар Нурмагомедовтерге, кейін төбелеске қатысқан басқа да адамдарға қарсы тұрған.

Оқиғадан кейін жас балуан тіпті аралас жекпе-жекке (ММА) ауысқысы келетінін мәлімдеді.

Осы уақытта Сабаның әлеуметтік желідегі танымалдығы күрт артып жатыр. Қолданушылардың мәліметінше, оның Instagram парақшасындағы оқырмандар саны 194 мыңға жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама