Умар Нурмагомедов інісінің төбелесінен кейін әлеуметтік желіде мазаққа қалды
UFC ұйымында өнер көрсететін ресейлік файтер Умар Нурмагомедов інісі Усман Нурмагомедовтің қатысуымен болған жанжалдан кейін әлеуметтік желі қолданушыларының мазағына ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Red Corner MMA парақшасы Умар Нурмагомедовтің Абу-Дабиде өтетін Real American Freestyle (RAF) турниріне қатысушылар орналасқан қонақүйге келген сәтінің видеосын жариялады.
Жарияланымның астына әлеуметтік желі қолданушылары жаппай егеуқұйрық бейнеленген эмодзилер қалдыра бастаған. Мұндай реакция Усман Нурмагомедов пен UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили арасындағы жақында болған төбелестен кейін пайда болды.
Айта кетейік, Умар Нурмагомедовтің өзі төбелеске қатыспаған.
Еске салайық, 11 қарашада Абу-Дабидегі Hilton қонақүйінің фойесінде Усман Нурмагомедов пен грузиялық Мераб Двалишвили және оның жанындағы адамдар арасында жанжал шыққан болатын.