Дана Уайт Нурмагомедов пен Двалишвили арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Дана Уайт Нурмагомедов пен Двалишвили арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

UFC президенті Дана Уайт Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы даулы оқиғаға алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйым басшысы спортшылардың әрекетін қатаң сынға алып, Біріккен Араб Әмірліктерінде заң талаптарының өте қатал екенін еске салды.

«Бұл барып тұрған ақымақтық. Олардың барлығы түрмеде отыр. Бұл – ойланбай әрекет етуге болатын жер емес», – деді Уайт. Оның сөзін Championship Rounds әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Еске салайық, 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде Усман Нурмагомедов пен оның командасы грузиялық спортшы Мераб Двалишвилиге шабуыл жасады деген ақпарат тараған.

Жаппай төбелестен кейін БАӘ құқық қорғау органдары жанжалға қатысушыларды ұстағаны хабарланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама