Асу Алмабаев Қазақстанда өтетін UFC турнирінің басты жұлдызы болуға қатысты пікір білдірді

Асу Алмабаев Қазақстанда өтетін UFC турнирінің басты жұлдызы болуға қатысты пікір білдірді

UFC ұйымының аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтері Асу Алмабаев Қазақстанда алғаш рет турнир өткізу жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Баспасөз мәслихатында Алмабаев әзірге бұл туралы тек қауесеттерді естігенін және ешқандай ресми ақпарат білмейтінін айтты.

Оның сөзінше, турнирдің нақты қашан және қай қалада өтетіні белгісіз. Қазіргі уақытта спортшы бар назарын алдағы жекпе-жекке аударып отыр.

Алмабаев Қазақстанда өтетін UFC турнирінің басты жекпе-жегіне қатысу мүмкіндігін алдағы кездесуінде жеңіске жеткеннен кейін қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Еске салайық, 21 қарашада Асу Алмабаев Дохада өтетін UFC Qatar турнирінің негізгі кардында жапониялық Кёдзи Хоригучиге қарсы жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама