Емельяненконың UFC-ге неге бармағаны белгілі болды

Емельяненконың UFC-ге неге бармағаны белгілі болды

Федор Емельяненко UFC ұйымында өнер көрсеткен жоқ. Алайда промоушен басшылығы ресейлік файтерді өз қатарына қосуға қатты қызығушылық танытқан. Бұл келіссөздердің не себепті сәтсіз аяқталғанын UFC комментаторы әрі сарапшысы Джо Роган түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Роганның айтуынша, келісімнің жүзеге аспауына Емельяненконың өзі емес, сол кездегі менеджментінің қатаң ұстанымы себеп болған. Комментатор файтердің айналасындағы адамдарды «гангстерлерге ұқсас тұлғалар» деп сипаттады. Олардың Емельяненконың медиа кеңістігіндегі құндылығын жақсы түсінгені және UFC басшылығына шындыққа жанаспайтын талаптар қойғаны айтылды.

«Олар Федордың қолдарында нағыз алтын билет екенін білді. Талаптары шектен шықты. Бұл адамдар промоушеннің бір бөлігін, яғни бүкіл бизнестің үлесін иеленгісі келді», – деп келтіреді Роганның сөзін MMA UNCENSORED әлеуметтік желідегі X парақшасында.

Келіссөздер біртіндеп іскерлік сипатынан айырылып, жағдай ушыға түскен. Роганның сөзінше, келісім төңірегіндегі ахуал тіпті қауіпті сипат алған. UFC президенті Дана Уайт жеке қауіпсіздігін күшейтуге мәжбүр болған.

Осының салдарынан ММА тарихындағы ең көп күткен келісімдердің бірі жүзеге аспай қалды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или