Федор Емельяненко Фрэнсис Нганнумен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Федор Емельяненко Фрэнсис Нганнумен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Аты аңызға айналған ресейлік ММА файтері Федор Емельяненко мансабын жалғастыруға қатысты жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 жастағы спортшы бокс ережесі бойынша тағы бірнеше жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Оның қалаған қарсыластарының бірі – UFC-дің бұрынғы ауыр салмақтағы чемпионы Фрэнсис Нганну.

Емельяненко жасының ұлғайып, ұзақ жылдар бойы өнер көрсету салдарынан түрлі жарақаттар алғанына қарамастан, рингке шығуға деген ынтасы әлі де бар екенін атап өтті.

«Мен қанымда күрес бар адаммын, жұдырықтасқым келеді. Денемнің бір жері үзіліп, бір жері сынып кетіп жатады, бірақ әлі де шыдап жүрмін. Егер бәрі жақсы болып, Құдай қаласа, Ресейде өтетін жауынгерлік самбодан чемпионатта белдескім келеді. Бірақ көре жатармыз, алдын ала болжам жасамайық», – деді Емельяненко.

Сонымен қатар ресейлік ардагер бокс ережесі бойынша бірнеше жекпе-жек өткізу мүмкіндігі өзіне ерекше қызық екенін жеткізді. Ол ықтимал қарсылас ретінде UFC-дің ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Нганнуды атады.

«Бокс ережесі бойынша тағы екі-үш жекпе-жек өткізгім келеді. Бұл маған қызық. Фрэнсис Нганнумен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізгім келеді. Бұл – менің арманым. Ол маған қызық. Көре жатармыз», – деді Емельяненконың сөзін ТАСС агенттігі келтірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или