Раони Барселостың жағдайы туралы дәрігері мәлімдеме жасады

Раони Барселостың жағдайы туралы дәрігері мәлімдеме жасады

Бразилиялық файтер Раони Барселостың дәрігері Густаво Медейрос спортшының ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Раони қазір есін біледі, жағдайды түсініп отыр және Лас-Вегастағы біздің командамызбен тікелей байланысқа шықты. Ол тек тиісті хаттамаға сәйкес ауруханаға жатқызылды. Жағдайын бақылап, оның тұрақты екенін тексеру үшін бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болуы қажет», – деді Медейрос.

Маман әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жанкүйерлерге үн қатып, Барселостың денсаулығына алаңдамауға шақырды. Оның айтуынша, қазір спортшының жағдайы жақсы.

«Раони үшін алаңдап отырған барша адамға жақсы жаңалық айтқым келеді. Оның жағдайы жақсы. Жақын арада бұрынғыдан да мықты болып оралады», – деді дәрігер.

Еске салайық, UFC Fight Night 289 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық спортшы бесінші раундта есінен танып қалды. Нәтижесінде Барселос 21 жастағы америкалық Рауль Росас кішіге нокаутпен жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или