АҚШ-та Арман Царукянның Диллон Дэниспен жекпе-жегі кейінге шегерілгені хабарланды
Еркін күрес ережесі бойынша өтетін Арман Царукян мен америкалық Диллон Дэнистің жекпе-жегі 23 қазанға шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Real American Freestyle (RAF) промоушені әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Бастапқыда RAF-тың орта салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынатын жекпе-жек RAF 14 турнирінде 4 қазанға қараған түні (Астана уақыты бойынша) өтуі керек еді.
Арман Царукян RAF турнирлерінде 8 белдесу өткізіп, 7 рет жеңіске жеткен. Ал Диллон Дэнис екі жекпе-жегінің екеуінде де жеңілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или