Қазақстандық ММА спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы Санжар Әділов Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Санжар 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғады. Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Санжар Әділов Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовтан жеңілді. Осылайша, ол Азия ойындарындағы жарысты қола медальмен аяқтады.
Бұл Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жетінші медалі және ММА тарихындағы алғашқы жүлдесі. Аралас жекпе-жек спорт түрі жазғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или