Топурия Гейджиден жеңілгеннен кейін жаттығуға кірісті

Топурия Гейджиден жеңілгеннен кейін жаттығуға кірісті

UFC-дің бұрынғы чемпионы Илия Топурия жекпе-жекке қайта оралуға дайындықты бастағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

2026 жылдың жазында Топурия Ақ үйде өткен турнирде Джастин Гейджиге есе жіберіп, бет тұсынан ауыр жарақат алған болатын.

«Соңғы медициналық тексерулерден өттім. Мен қайтып келемін. Мені есептен шығарып тастаған барлық клоундарға айтарым, мен әлі осындамын. Кімнің батылы жететінін көрейік. Мені қолдағандардың барлығына рақмет. Келесі жолы Джастиннің қолғаптарын тексеру керек болады, ішіне бірдеңе салып алмағанына көз жеткізу үшін. Жақында кездесеміз», — деді Топурия

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или