Қырғызстандық UFC жауынгері Хабибтің командасындағы жаттығулары туралы айтты
Қырғызстандық ММА жауынгері Акбар Абдуллаев Хабиб Нурмагомедовтің командасындағы жаттығулары туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Абдуллаев «Претенденттер сериясында» Эднилсон Сантушты небәрі 19 секундта нокаутқа түсіріп, UFC-мен келісімшартқа қол жеткізген болатын.
— Хабибпен бірге өткен оқу-жаттығу жиындары қандай әсер қалдырды?
— Мен үшін бұл ең үздік жаттығу жиындары болды. Ол жерде көп нәрсе үйрендім, көптеген әдісті өзіме тәжірибе ретінде алдым. Олардың командасына және барлық аға спортшыларға алғысым шексіз. Өте жақсы тәжірибе алмасу болды. Ол жерде менің достарым мен таныстарым бар. Сондықтан тағы да барып, олармен бірге оқу-жаттығу жиындарына қатысуға тырысамын.
— Егер саған «Чанко» Зайнудиновпен жекпе-жек ұсынса, қабылдайсың ба?
— Бұл үлкен есім. Ол да соққы техникасына басымдық беретін файтер. Бірақ ол топ-10 қатарына кірмейді. Ал маған топ-10 спортшыларымен және аңыздармен жекпе-жек өткізу керек.
Мен күрескенді жақсы көремін және одан ләззат аламын. Қырғызстанда күресті жақсы көреді, — деді Абдуллаев Sport24-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Акбар Абдуллаев «Претенденттер сериясындағы» жеңісінен кейін UFC ұйымымен келісімшартқа қол жеткізді. Енді қырғызстандық спортшыны әлемдегі ең беделді ММА ұйымындағы алғашқы жекпе-жегі күтіп тұр.