Чендлер Арман Царукян мен Маурисио Руффи жекпе-жегіне болжам жасады
UFC файтері Майкл Чендлер Арман Царукян мен Маурисио Руффи арасындағы алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Царукян мен Руффи 20 қыркүйекте Лос-Анджелесте өтетін UFC 331 турнирінде кездеседі.
«Арман RAF ұйымында еркін күрестен көп жарысқа қатысып, белсенділігін сақтап жүр. Алайда октагонда ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбегені оған қиындық тудыруы мүмкін. Ал Руффиде жеңістер сериясы бар, ол қазір бабында.
Меніңше, Руффи бірнеше рет дәл соққы жасай алады. Арман күреске басымдық береді, өйткені Руффимен тік тұрыста айқасқысы келмейтіні анық.
Руффи мықты. Ол көпшілік ойлағаннан да мықтырақ. Мен Руффидің жеңісіне бәс тігер едім», – деді Чендлер Ариэль Хельваниге берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или