Том Аспиналл UFC-дегі ауыр салмақтағы чемпиондық атағын босатты
Британиялық файтер Том Аспиналл оң көзінің қайта жарақат алуына байланысты UFC-дің ауыр салмақтағы чемпионы атағын босататынын мәлімдеді. Оның октагонға оралуы белгісіз мерзімге кейінге қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
33 жастағы Аспиналл 2025 жылдың қазан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Сол кезде оның Сирил Ганға қарсы титулдық жекпе-жегі бірінші раундтың соңында тоқтатылды. Франциялық файтер кездейсоқ Аспиналлдың көзіне саусағын тигізіп алған. Жарақатына байланысты Аспиналл жекпе-жекті жалғастыра алмай, кездесу өтпеді деп танылды.
«Көзіме қатысты мәселелер әлі де жалғасып жатқандықтан, қазір жекпе-жек өткізуге медициналық рұқсат ала алмаймын. Бірнеше ота жасаттым, түрлі жарақаттар мен инфекцияларды бастан өткердім. Октагонға қайта оралу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым.
Бұған дейін жекпе-жек өткізетін күнді келісіп, спаррингке қайта кіріскен едім. Өзімді өте жақсы сезіндім және жекпе-жекке дайын болдым. Алайда жазатайым оқиға салдарынан оң көзіме қосымша зақым келді.
Бұл спорттан тағы да ұзақ уақытқа шет қалуыма тура келетінін білдіреді. Қазір октагонға қашан оралатыным белгісіз», - деді Аспиналл.