Андрей Назаров ҚХЛ-дағы хоккей бумына таңданысын білдірді

Андрей Назаров ҚХЛ-дағы хоккей бумына таңданысын білдірді

Андрей Назаров ҚХЛ-дағы матчтарға келетін жанкүйерлер санының күрт өсуіне және алып мұз сарайларының салынуына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.

Маманның пікірінше, лига соңғы жылдары үлкен серпіліс жасап, ареналардың көрермендермен толу көрсеткіші бірнеше есеге артқан.

Назаров осыдан 15 жыл бұрын 5 мың жанкүйердің жиналуы жақсы көрсеткіш саналғанын еске алды. Ал қазір мұндай көрсеткіштің өзі төмен нәтиже ретінде қабылданады. Экс-бас бапкер «Арена Трактор» нысанын мысалға келтірді. Арена жобаланған кезде оның сыйымдылығын 7 немесе 9 мың орын ету мәселесі ұзақ талқыланып, нәтижесінде аз орындық нұсқа таңдалған. Ал бүгінде Санкт-Петербургтегі 21 500 көрерменге арналған алып арена матчтарда тұрақты түрде лық толып жатады.

Назаров бұл жетістіктің басты себептерінің бірі ретінде ірі клубтардың жұмысын және жұлдызды хоккейшілердің ҚХЛ-ға келуін атады. Оның айтуынша, тіпті НХЛ-ден мансабының соңғы кезеңіне келген тәжірибелі ойыншылардың өзі бірден көрермен қызығушылығын арттырып, ареналардың толуына ықпал етеді.

Басталған тұрақты чемпионат туралы пікір білдірген Назаров бәсекелестіктің өте жоғары екенін атап өтті. Оның сөзінше, Гагарин кубогына басты үміткерлер маусым басталысымен-ақ жоғары қарқынға көшіп, мұз үстінде әр метр үшін аяусыз күрес жүріп жатыр.

Айта кетейік, Андрей Назаров 2014/2015 және 2015/2016 жылдары астаналық «Барыс» клубын басқарды. Сонымен қатар 2014-2016 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или