Конор Макгрегордың октагонға оралуы дауға ұласты
Конор Макгрегордың октагонға оралуы Лас-Вегаста өткен UFC 329 турнирінде драмалық оқиғаға айналды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Макс Холлоуэймен реванш алғашқы раундтың небәрі 69-секундына созылды. Ирландиялық файтер секіріп тебу әдісін орындамақ болып, тізесін жарақаттап алды да, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде төреші техникалық нокаут тіркеді. Алайда Макгрегор бұл шешіммен мүлде келіспейді.
Ирландиялық файтер баспасөз мәслихатында жеңісті одан тартып алғанын мәлімдеп, жарақатына қарамастан жекпе-жекті бір аяғымен болса да соңына дейін жалғастыруға дайын болғанын айтты. Макгрегордың нұсқасы бойынша, жарақат алған қарсыласын көрген Холлоуэй төрешіні өзіне шақырып, жекпе-жекті тоқтатуды сұраған.
«Мен сіздерге мынаны айтайын: жекпе-жекті тоқтатуды сұраған мен емес. Оны тоқтатуды мен өтінген жоқпын. Егер мен сенімен төбелесіп жатсам, ал сен төрешіні шақырып, жекпе-жекті тоқтатуды сұрасаң, онда кім жекпе-жекті тоқтатып жатыр?! Тоқтатпа. Жекпе-жек енді ғана басталған еді. Бірақ бәрі жақсы. Біз өз жұмысымызды істейміз және кек қайтармайынша жолымыздан таймаймыз», – деді Макгрегор MMA Mania басылымына берген сұхбатында.
Осылайша, ирландиялық файтер бұл оқиғаға нүкте қоюға әлі ниетті емес екенін аңғартты.