Царукян Руффиге қарсы жекпе-жек алдындағы ерекше шортына баға берді

Царукян Руффиге қарсы жекпе-жек алдындағы ерекше шортына баға берді

Арман Царукян Лос-Анджелесте өтетін жекпе-жек алдында арнайы дизайнымен жасалған шортына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Царукян 20 қыркүйекте Лос-Анджелесте өтетін UFC 331 турнирінде Маурисио Руффиге қарсы жекпе-жек өткізеді.

— Арнайы шортың өзіңе ұнады ма?

— Өзім жасаған шорт қалай ұнамайды? Мен UFC-ге шортымда нені көргім келетінін жібердім. Арменияның туы, орыс аюы, Арарат тауы және күн бейнеленген.

Аюды Ресейдің құрметіне қостым, өйткені мен Ресейде тұрамын. Маған қандай да бір символ керек болды. Ресейге қатысты матрешка мен Қызыл алаңдағы шіркеудің бейнесі де ұсынылған еді. Бірақ маған аю жақынырақ, — деді Царукян Sport24-ке берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или