Царукян Топурия – Гейджи арасындағы реваншқа қарсы

Царукян Топурия – Гейджи арасындағы реваншқа қарсы

Арман Царукян Илия Топурия мен Джастин Гейджи арасындағы қарымта жекпе-жекке қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Файтердің пікірінше, экс-чемпион Ақ үйдегі ауыр жеңілістен кейін өзіне келіп, титул үшін қайта таласуға лайық екенін дәлелдеуі керек.

Царукян Илия Топурияның белбеуден айырылғаннан кейін бірден реванш өткізу ниетіне қатысты пікір білдірді. Арманның сөзінше, UFC Freedom 250 турниріндегі жекпе-жектің нәтижесі қарымта кездесу өткізуге негіз жоқ екенін көрсетті.

«Ол реваншқа лайық деп ойламаймын. Жекпе-жек тең болған жоқ. Джастин оны ойсырата жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Оған қайта оралуы үшін жеңілірек қарсылас беру керек», – деп келтіреді Царукянның сөзін Home of Fight ресурсы.

Еске салайық, Вашингтонда өткен тарихи турнирдегі сенсациялық жекпе-жек техникалық нокаутпен аяқталды. Джастин Гейджи алғашқы раундтағы ауыр шабуылға төтеп беріп, жекпе-жек барысында басымдық танытып, Топурияға кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или