Чейл Соннен Махачевті неге Джонстан жоғары қоюға болмайтынын түсіндірді

Чейл Соннен Махачевті неге Джонстан жоғары қоюға болмайтынын түсіндірді

Чейл Соннен Джон Джонсты Ислам Махачевтен неге жоғары файтер деп санайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC-дің бұрынғы америкалық файтері екі чемпионды салыстыру кезінде өз отандасы Джонстың жағына шықты. Джонс бұған дейін салмақ дәрежесіне қарамастан ұйым тарихындағы ең ұлы файтерлер рейтингінде бірнеше рет көш бастаған.

Бұған Махачевтің мәлімдемесі себеп болды. Ресейлік спортшы Джонстың UFC-дегі 20 жеңісінен тұратын сериясын америкалықтың мансабындағы допинг дауларына байланысты есепке алу дұрыс емес деп санайтынын айтқан.

Соннен Махачевтің бұл пікірге қатысты өз уәжі бар екенін мойындады. Алайда ол Джонстың әртүрлі салмақ дәрежелерінде жетістікке жеткеніне назар аударды.

«Кім көбірек жетістікке жетті: Ислам ба, әлде Джон ба? Джон. Исламның да өз уәжі бар. Салмақ дәрежесіне қарамастан ең ұлы файтерлер туралы айтқанда, бұл тізімді басқарғандардың көпшілігі әртүрлі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетпеген», — деді Соннен The Ariel Helwani Show подкастында.

Америкалық Джонс өнер көрсеткен екі салмақ дәрежесінің айырмашылығын да атап өтті. Оның айтуынша, жартылай ауыр салмақтан ауыр салмаққа ауысу айтарлықтай үлкен қадам.

«Егер сіз екі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізіп, шыңға жетсеңіз, онда өте аз файтер кіретін топқа қосыласыз. Джон та сол топтың мүшесі. Оның үстіне Джон 93 келіден 120 келіге дейін көтеріліп, үлкен қадам жасады», — деп қосты Соннен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или