UFC жұлдызы Пэдди Пимблетт Илия Топурияның мәлімдемесіне жауап берді
UFC-дің жеңіл салмақтағы британдық файтері Пэдди Пимблетт екі салмақта бұрынғы чемпион, грузиялық Илия Топурияның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық, бұған дейін Топурия маусым айында өткен UFC Freedom 250 турнирінде америкалық Джастин Гэтжимен жекпе-жегінде қарсыласы қолғаптарының ішіне бөгде зат салуы мүмкін екенін меңзеген еді.
«Илия Гэтжидің қолғаптарының ішінде бірдеңе болғанын айтқысы келіп отыр. Бірақ ондай болған жоқ. Мұны комиссия бақылайды, қолдарыңыздың қалай бинттелетінін де тексереді. Илия өзін жәбірленуші етіп көрсетуге тырысып, кішкентай қыз сияқты әрекет етіп жүр», — деді Пимблетт өзінің YouTube арнасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или