Арман Царукян UFC-ден уақытша шеттетілді

Арман Царукян UFC-ден уақытша шеттетілді

Арман Царукян мен Маурисио Руффи Лос-Анджелесте өткен UFC 331 турнирінен кейін уақытша жекпе-жектерден шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы MMAJunkie басылымы хабарлады. Ақпарат Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясының шешіміне негізделген.

Медициналық шектеулерге сәйкес, екі спортшыға да алдағы 30 күн бойы толыққанды байланыс жаттығуларын өткізуге тыйым салынды. Сонымен қатар, Царукян мен Руффи кемінде 60 күн ресми жарыстарға қатыса алмайды.

Олар бұл мерзім аяқталмай тұрып октагонға тек медициналық тексеруден өтіп, маманның рұқсатын алған жағдайда ғана орала алады.

Уақытша шеттетудің себебі – жекпе-жек кезінде екі спортшының да оң көз тұсынан жарақат алуы.

Айта кетейік, жекпе-жек UFC 331 турнирінің ко-мейн-ивенті аясында өтті. Царукян қарсыласын алғашқы раундтың аяқталуына бірнеше секунд қалғанда нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или