UFC жұлдызы джиу-джитсу шеберінен жеңілді

UFC жұлдызы джиу-джитсу шеберінен жеңілді

Лас-Вегастағы Meta APEX аренасында UFC BJJ 11 джиу-джитсу турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта танымал қарсыластар кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы лиганың қазіргі чемпионы, жеңіліс көрмеген италиялық текті америкалық Майки Мусумечи («Дарт Ригатони» лақап атымен танымал) жаңа салмақ дәрежесіне көтеріліп, UFC-дің белгілі файтері Брайс Митчеллден басым түсті.

Жекпе-жекте  үш раундтың барлығы толық өтіп, төрешілердің бірауызды шешімімен Мусумечи жеңіске жетті.

Кездесу алдында қарсыластар аяққа ауырту әдістерін қолданбауға ауызша келісім жасаған. Бұған Митчелл мұндай әдістерді дұрыс емес деп санайтыны себеп болған. Мусумечи уәдесінде тұрды. Дегенмен жекпе-жектің басында қарсыласын сыпыру үшін аяқтан ұстап алған кезде, жанкүйерлер арасында бір сәт дүрбелең туып, америкалық келісімді бұзды деп ойлады.

Жекпе-жектің басым бөлігінде Митчелл қарсыласының тығыз қысымынан қорғанды. Алайда бір эпизодта Брайс қарсыласын гардтан көтеріп алып, кілемге жоғары амплитудалы слэм жасады. Осы әрекеті үшін UFC файтері төреші Витор Рибейродан ескерту алды.

Мусумечи соққыдан кейін жекпе-жекті жалғастырып, қарсыласына анаконда және гильотина әдістерін қолдануға тырысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или